"Түркияның туризм құндылығы жоғары"

Ердоған Түркия Қонақүйшілер федерациясының 7-ші кезекті бас ассамблеясында сөз сөйледі.

1912506
"Түркияның туризм құндылығы жоғары"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияны қайта пішінделген жаһандық, саяси және экономикалық «архитектураның» орталығына қоюды мақсат еткендерін айтты.

Ердоған Анкарада Түркия Қонақүйшілер федерациясының 7-ші кезекті бас ассамблеясында сөз сөйледі.

Түркияның әлемнің барлық сұлулығын бойына жинаған ел  екенін айтқан Ердоған көптеген қаланың өз алдына туризм құндылығы  екенін атап көрсетті. "Біз туризмдегі шәкірттік кезеңімізді аяқтадық, біз шеберлік кезеңіндеміз." деді ол.

Президент Ердоған «Жаһандық эпидемия кезеңінде қысқа үзіліс жасасақ та, баршамыз туристер саны жағынан да, туристік табыс бойынша да еліміздің ең биік шыңын көріп отырмыз.  Түркияның туризмде 2021 жылы турист санында әлемде төртінші орында, туризм табысында сегізінші орында болуы биыл жетістіктің одан да жоғары болатынының хабаршысы.  Мақсатымыз – жаңадан пішінделген жаһандық, саяси және экономикалық «архитектураның» орталығына елімізді орналастыратын мүмкіндіктерден айрылып қалмау» деген сөздер қолданды.  



Ұқсас жаңалықтар