Түркия террористтердің көзін жоюға табанды

Президент Ердоған Түркияның терроризмнің көзін жою стратегиясын жалғастыруға бел байлағанын айтты.

1911241
Түркия террористтердің көзін жоюға табанды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның терроризмнің көзін жою стратегиясын жалғастыруда табанды екенін айтты.

Ердоған Стамбул кеме жасау зауытының қолбасшылығында Пәкістан үшін жасалған кеменің іске қосылу рәсімінде сөз сөйледі.

«Шекарамыздың ішінде және сыртында терроризмнің барлық түріне қарсы күресті жалғастыратынымызды тағы бір рет атап өткім келеді» деген  Ердоған «Кімге барып жалынса жалынсын, осы жауларынан төгілген әрбір тамшы қанның құнынн еселеп аламыз» деп көрсетті.  

Ердоған Түркияның терроризмнің көзін жою стратегиясын жалғастыруға бел байлағанын айтты.

Президент Ердоған сөзінде «Түркияны қорғаныс өнеркәсібі саласындағы әлемнің супер лигасының шыңына шығарғанша тоқтамаймыз, күресімізді жалғастырамыз» деді.

Ердоған «Біз төртінші және соңғы кемемізді де Алланың қалауымен 2025 жылдың ақпан айында пәкістандық бауырларымызға жеткізуді жоспарлап отырмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар