Ердоған батысқа қатаң наразылық көрсетті

Ердоған соңғы лаңкестік әрекеттерге тоқталып, батысқа қатаң наразылық көрсетті.

1911107
Ердоған батысқа қатаң наразылық көрсетті

Президент Режеп Тайып Ердоған соңғы лаңкестік әрекеттерге тоқталып, батысқа қатаң наразылық көрсетті.

Ердоған Халықаралық әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықпен күрес күніне орай Стамбул Конгресс орталығында ұйымдастырылған бағдарламада сөз сөйледі.

Президент Ердоған «Жақында лаңкестік ұйымдардың шабуылынан қаза тапқан 8 азаматымыздың екеуі мұғалім. Лаңкестік ұйым әлемнің басқа жерінде мұғалімдер мен балаларды өлтірсе, күн тәртібінен түспей, апталап, айлап, барша әлем бір ауыздан наразылық көрсетуші еді. Түркияға келгенде, жай айыптау хабарлар тысында саясаткерлер де, азаматтық ұйымдар да, бұқаралық ақпарат құралдары да айтарлықтай қатты үн шығарған жоқ. Әлемдегі құқық қорғау ұйымдары қайда? Әрине достарымыз бен ағайындарымыз опасыз шабуылды қатал түрде айыптады» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар