Кирби "Түркияның өзін қорғауға толық құқығы бар" деді

Джон Кирби «Zoom» арқылы брифингте Ақ Үй тілшілерінің сұрақтарына жауап берді.

1909693
Кирби "Түркияның өзін қорғауға толық құқығы бар" деді

АҚШ-та Ақ Үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар директоры Джон Кирби Түркияның оңтүстік шекарасында «террорлық қауіппен» бетпе-бет келгенін және өзін қорғауға толық құқығы бар екенін мәлімдеді.

Джон Кирби «Zoom» арқылы брифингте Ақ Үй тілшілерінің сұрақтарына жауап берді.

Түркияның Сирия шекарасындағы оқиғаларды бағалаған Кирби «Түркия, әсіресе оның оңтүстігінде террорлық қауіптен зардап шегуде. Әрине олардың өздерін және өз азаматтарын қорғауға толық құқығы бар» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар