YPG/PKK-ға қарсы операциялар жалғасады

Фахреттин Алтун  YPG/PKK-ға қарсы операциялардың соңғы террорист залалсыздандырылғанға дейін жалғасатынын білдірді.

1909029
YPG/PKK-ға қарсы операциялар жалғасады

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун  бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ға қарсы операциялардың соңғы террорист залалсыздандырылғанға дейін жалғасатынын білдірді.

Алтун әлеуметтік медиа парақшасынан жасаған мәлімдемесінде бейбіт тұрғындарды, әскерлерді, полицияны, мұғалімдерді, әйелдерді және балаларды нысанаға алған террор ұйымы YPG/PKK-ны  қатал түрде айыптайтындарын білдірді.

Алтун Газиантептің Каркамыш ауданында террор ұйымы YPG/PKK мүшелерінің 5 зымыран атуы кесірінен қаза тапқан азаматтарға Алладан рақым тіледі. Алтун «Қауіпсіздік күштері жазықсыз бейбіт тұрғындарға  шабуылдарын жалғастырған террор ұйымы YPG/PKK-ға қарсы  қатал тойтарыс беруде. Бұл операциялар соңғы террорист залалсыздандырылғанға дейін жалғасады» деді



Ұқсас жаңалықтар