Шентоп балалар құқығын қорғау күніне орай мәлімдеме жасады

Мұстафа Шентоп 20 қараша Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау күніне орай жолдама жариялады.

1908556
Шентоп балалар құқығын қорғау күніне орай мәлімдеме жасады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп 20 қараша Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау күніне орай жолдама жариялады.

Шентоп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған жолдамасында әрбір баланың құқықтарының, бақытты болуының, денсаулығының және мүдделерінің қорғалуының бүкіл адамзаттың  ең үлкен тілегі мен ең жоғары күш-жігері екенін атап өтті.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы  Шентоп «Іргетасы балаларға сый болған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі еліміздің және ұлы түрік ұлтының, дүниежүзіндегі барша балалардың тыныштығы, денсаулығы және бақыты үшін күреседі» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар