Шекарада шара күшейтілді

Килис мемлекеттік ауруханасына жеткізілген жаралылардың денсаулығының жақсы екені хабарланды.

1908673
Шекарада шара күшейтілді

Сирияның солтүстігінен Түркияның Газиантеп пен Килис қалаларына кезекті зымырандық шабуылдардан кейін шекарада шаралар күшейтілді.

Сепаратистік террор ұйымы PKK/YPG-нің бақылауындағы Тель-Рифат аймағынан атылған зымыран Өнжүпынар шекара бекеті маңындағы полицияның арнайы жасағының мекеніне келіп тиді. Жарылыс кезінде кампустағы 1 әскер мен 7 полиция қызметкері жарақат алды.

Килис мемлекеттік ауруханасына жеткізілген жаралылардың денсаулығының жақсы екені хабарланды.

Түнде Сирияның Айн-әл-Араб аймағынан атылған 4 зымыран Газиантептің Каркамыш ауданына келіп құлады. Бос жерге құлаған зымырандар жарылып, шабуыл ауданда мазасыздық тудырды.

Газиантеп пен Килиске зымырандық шабуылдардан кейін шекарада шаралар күшейтілді.

Түрік қауіпсіздік күштері Тель-Рифат және Айн-әл-Араб аймақтарындағы лаңкестердің позицияларын атқылады.



Ұқсас жаңалықтар