«Пенче-Кылыч» әуе операциясы табысқа жетті

«Пенче-Кылыч» әуе операциясында алғашқы сатыда жалпы 89 нысан бірінші кезеңде жойылды, көптеген террорист  залалсыздандырылды.

1908420
«Пенче-Кылыч» әуе операциясы табысқа жетті

Ирак пен Сирияның солтүстігінде жүргізілген «Пенче-Кылыч» әуе операциясында 89 нысан жойылып, арасында террор ұйымының басшылары атанғандар да бар көптеген террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде терроризмнің паналаған жерінде көзін жою стратегиясы аясында «Пенче-Кылыч» әуе операциясының Ирак пен Сирияның солтүстігінен халық пен қауіпсіздік күштеріне бағытталған террорлық шабуылдарды жою, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында басталғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде төмендегі ақпараттар да берілді:

«Пенче-Кылыч әуе операциясы террористер тарапынан елімізге шабуыл жасау мақсатында база ретінде қолданылған Ирактың солтүстігіндегі Кандил, Асос, Хакурк аймақтары мен Сирияның солтүстігіндегі Араб көктемі, Тел-Рыфат, Чизире және Дерик аймақтарында сәтті жүзеге асырылды.

«Пенче-Кылыч» әуе операциясымен бүгін таңертең елімізге, ұлтымызға және шекара қауіпсіздігімізге қауіп төндірген террористтерге тиесілі баспаналар, үйлер, үңгірлер, туннельдер, оқ-дәрі қоймалары және ауыз жүзіндегі орталық және лагерлер алғашқы сатыда жалпы 89 нысан бірінші кезеңде жойылды, көптеген террорист  залалсыздандырылды.

Әуе операциясымен залалсыздандырылған террористтер арасында террор ұйымының басшылары да бар. Көбінесе отандық және ұлттық қару-жарақтар қолданылған операциядан кейін барлық ұшақтарымыз аман-есен өз базаларына оралды.

Асыл ұлтымыздың жүрегінен шыққан Түрік Қарулы Күштері соңғы террорист залалсыздандырылғанға дейін еліміздің және ұлтымыздың қауіпсіздігі үшін терроризммен күресті табандылықпен және батылдықпен жалғастырады.» 

Сонымен бірге «Пенче-Кылыч» әуе операциясына қатысты қолдау мәлімдемелері де жарияланды.

Президенттің орынбасары Фуат Октай, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп, Президенттің баспасөз хатшысы Ибрахим Калын, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик, Президенттік сарайдың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун, Әділет министрі Бекир Боздаг, Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрі Ведат Билгин терроризмге қарсы операцияны қолдайтындарын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар