Ердоған Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Ердоған астық экспорты бойынша Стамбул келісімінің 120 күнге ұзартылуына қатысты сындарлы ұстанымы үшін Путинге алғыс айтты.

1907906
Ердоған Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда кездесуде аймақтық мәселелер, әсіресе Түркия-Ресей қарым-қатынастары мен астық дәлізіндегі жаңалықтар талқыланды.

Кездесуде президент Ердоған астық экспорты бойынша Стамбул келісімінің 120 күнге ұзартылуына қатысты сындарлы ұстанымы үшін Путинге алғыс айтты.

Президент Ердоған 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысының ұзаруының қауіп-қатерлерді арттыратынын және  дипломатиялық келіссөздердің қайта жандануы керектігін айтты.  Ердоған Ресей мен Америка барлау ұйымы басшыларының Түркиядағы шиеленістің алдын алуда маңызды рөл атқаратынын баяндады.

Путиннің Түркияда табиғи газ орталығын құру ұсынысына риза болғандарын білдірген президент Ердоған ортақ мақсаттарға тезірек жету үшін қажетті техникалық, құқықтық және коммерциялық жасайтынын мәлімдеді.

Президент Ердоған Стамбулдағы лаңкестік оқиғаға байланысты көңіл айтқаны үшін Путинге алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар