Гутерриш президент Ердоғанға алғыс айтты

«Олардың жомарттығы мен табандылығы болмаса, бұл механизм ешқашан дүниеге келмес еді» деді ол.

1907683
Гутерриш президент Ердоғанға алғыс айтты

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ресей мен Украина арасындағы астық келісімінің мерзімі созылғаннан  кейін президент Режеп Тайып Ердоған мен Түркияға алғыс айтты.

«Олардың жомарттығы мен табандылығы болмаса, бұл механизм ешқашан дүниеге келмес еді» деді ол.

БҰҰ Бас хатшысы Ресей мен Украина арасында Түркия мен БҰҰ-ның арағайындығымен қол қойылған астық келісімінің 120 күнге ұзартылуынан кейін Twitter парақшасында жасаған мәлімдемесінде келісімнің жаңаруына риза екенін білдірді.

Ол  президент Ердоған мен Түркияға алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар