Чавушоғлу батысқа наразылық көрсетті

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу «Біз террористерді тазартуды жалғастырамыз» деді.

1908051
Чавушоғлу батысқа наразылық көрсетті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Батыс елдерінің террор ұйымдарына қару-жарақ пен оқу-жаттығу бергеніне наразылық білдірді.

Чавушоғлу «Біз террористерді тазартуды жалғастырамыз. Бізді ештеңе қорқыта алмайды. Түркияның ғасыры басталды, одан кері қадам баспаймыз» деді.

Министр Чавушоғлу 13 қараша күні Стамбулдағы Истиқлал даңғылында болған террорлық шабуылда 6 адам қаза тауып, 81 адам жараланған аймаққа келіп, қаза тапқандар еске алынатын платформаға гүл шоқтарын қалдырды.

Тілшілердің сұрақтарына жауап бергеннен кейін Чавушоғлу шабуыл жасаған адамды және басқаларды ұстағанын еске салды. Чавушоғлу мәселенің әділет органдарына жеткізілгенін айтты.

Министр Чавушоғлу «Әрине, ол жауапқа тартылады. Екінші жағынан біз халықаралық және ішкі байланыстарды мұқият зерттеп жатырмыз» деген сөздер қолданды.

Террор ұйымдарына қару-жарақ беріп, оқытып жатқан Батыс елдеріне наразылық көрсеткен  Чавушоғлу «Лаңкестік ұйымдарға қолдау көрсетіп, қару-жарақ пен оқытуды жалғастыра берсін. Біз оларды жоюды жалғастырамыз» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар