Стамбулдағы көпірлер СКТР жалауының түстерімен безендірілді
Стамбулдың белгісі үш көпір құрылуының 39 жылдығына орай СКТР жалауының түстерімен жарықтандырылды.
1906770

Стамбулдағы «15 шілде шейіттер», «Фатих Сұлтан Мехмет» және «Явуз Сұлтан Селим» көпірлері Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) құрылғанына 39 жыл толуына орай қызыл және ақ түстермен жарықтандырылды.
Стамбулдың символдық орындарына жататын осы үш көпір СКТР туының түстері болып табылатын қызыл мен ақ түспен безендірілді.
Күннің батуымен басталған көпірлердегі жарықтандыру таң атқанша жалғасты.
Ұқсас жаңалықтар

PKK-лық 4 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді
PKK-лық 4 террорист Хабурдағы шекара бекетінде қауіпсіздік күштеріне берілді.