Президент G20 Саммитіне қатысуда

Ол лидерлермен кездесулерін де бастады.

1906336
Президент G20 Саммитіне қатысуда
suudi prens selman-erdogan.jpg
erdogan g20 endonezya.jpg
Erdogan-Joko Widodo.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Индонезияның Бали қаласында өткен G20 Лидерлер саммиті шеңберінде кездесулерін бастады.

Ердоған G20 Лидерлер саммитінің ресми қарсы алу рәсіміне қатысты. Индонезия президенті Джоко Видодо кездесу алдында президент Ердоғанмен қол алысып, естелік суретке түсті.

Ресми қарсы алу рәсімінен кейін көшбасшылар «Азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік» отырысына қатысты.

Президент Ердоған отырыс өткен залда басшылармен әңгімелесті.

Ердоған саммит аясында Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салманмен де бас қосты. Екі басшы кездесуін БАҚ өкілдеріне жабық өткізді.



Ұқсас жаңалықтар