Фарук Каймакжы Стокгольмге барады

Фарук Каймакжы Түркия-Швеция саяси кеңес жұмыстарын жүзеге асыру  және түрлі кездесулер өткізу үшін Стокгольмге барады.

1906696
Фарук Каймакжы Стокгольмге барады

Сыртқы істер министрінің орынбасары және Еуропалық Одақ (ЕО) директоры елші Фарук Каймакжы Швеция Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы елші Ян Кнуцсонмен бірге Түркия-Швеция саяси кеңес жұмыстарын жүзеге асыру  және түрлі кездесулер өткізу үшін Стокгольмге барады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған Түркия мен Швеция арасында өтетін саяси кеңестерге байланысты жазбаша мәлімдемеде Каймакджының 16-17 қараша күндері аралығында Швецияның астанасы Стокгольмге баратыны хабарланды.

Мәлімдемеде «Саяси кеңестерде Түркия-Швеция қарым-қатынастары және Швецияның 2023 жылдың қаңтарында ЕО төрағалығы қарсаңында Түркия-Еуроодақ қарым-қатынастарының жан-жақты талқылануы жоспарлануда» делінді.



Ұқсас жаңалықтар