Стамбулдағы бомбалы шабуылды террористтер жасады

Cтамбулдың Бейоғлу ауданындағы Таксим Истиқлал даңғылында болған бомбалы шабуылда 6 адам қаза тапты.

1905861
Стамбулдағы бомбалы шабуылды террористтер жасады

Cтамбулдың Бейоғлу ауданындағы Таксим Истиқлал даңғылында болған бомбалы шабуылда 6 адам қаза тауып, 81 адам жараланды.

Шабуыл болған аймақта түнде тексеру жүргізген Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу шабуылды жасағандардың бөлшекшіл террор ұйымы PKK/PYD мүшелері екенін айтты.

Министр Сойлу «Бомбаны лақтырған адамды Стамбул полиция департаментінің қызметкерлері ұстады. Бұған бұрын тағы 21  адам ұсталған еді» деді.

Стамбул губернаторы Али Йерликая оқиғада жараланған 50 адамның емделуінің аяқталып, ауруханадан шығарылғанын, 31 жаралының емделуінің жалғасып жатқанын хабарлады.

Сойлу лаңкестік әрекетті жасағандарға қатысты «Террористтер ұсталды. Егер біз оларды ұстамағанда, олар бүгін Грекияға заңсыз жолмен өтіп кетер еді» деген сөздер қолданды.

Ішкі істер министрі Сойлу, қолға түскен террористке байланысты «Бәлкім, онымен бірге осы оқиғаны ұйымдастырған адам қайғыруы мүмкін. Бірақ  «өлтіріңдер» деген бұйрық берген адам да ұсталды» деген сөздер қолданды.

Сойлу «Біз бізге қандай хабар берілгенін жақсы білеміз. Біз алған бұл хабарға өте күшті тойтарыс жібереміз» деп көрсетті.

Министр Сойлу сонымен қатар ««Біз Америка елшілігінің көңіл айтуын қабылдамаймыз» деді.

Стамбул губернаторы Али Йерликая әлеуметтік желідегі парақшасында лаңкестік әрекеттен зардап шеккен азаматтардың жағдайы жайлы мәлімдеме жасады.

Йерликая «Ауруханада емделген 57 науқасымыз жазылып шықты. 18 науқасымыз емделіп жатыр. 2 науқысымыздың жағдайы өте ауыр» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар