Фуат Октай Еуроодақты сынға алды

Фуат Октай Еуроодақтың Солтүстік Кипр Түрік Республикасы жайлы мәлімдемелеріне наразылық көрсетті.

1905812
Фуат Октай Еуроодақты сынға алды

Президенттің орынбасары Фуат Октай:

Еуропалық Одақтың (ЕО) Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Түрік Мемлекеттері Ұйымына (TDT) бақылаушы мүше ретінде қабылданғаны туралы мәлімдемелері біз үшін мағынасыз» деді.

Октай әлеуметтік желідегі парақшасында ЕО тарапынан айтылған сындарға қатысты мәлімдемесінде мынаны атап өтті:

«ЕО-ның Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Түрік Мемлекеттері Ұйымына бақылаушы мүше ретінде қабылдануына қатысты мәлімдемелерінің біз үшін ешқандай әсері жоқ. Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Түркі әлемінің ажырамас бір бөлшегі. Солтүстік Кипр Түрік Республикасының дос және бауырлас Түркі әлемі елдерімен барлық салада қарым-қатынас орнату ең табиғи құқығы. Түркия Кипр түркі мен оның шынайы өкілі СКТР-ның жанында болуды жалғастырады.»



Ұқсас жаңалықтар