Октай: "Солтүстік Кипр Түрік Республикасын мойындайтын уақыт келді"

Вице-президент Фуат Октай TRT-ге сұхбат берді.

1905156
Октай: "Солтүстік Кипр Түрік Республикасын мойындайтын уақыт келді"

Вице-президент Фуат Октай Солтүстік Кипр Түрік Республикасын (СКТР) мойындайтын уақыт келгенін атап көрсетті.

Түркия телерадио корпорациясына (TRT)  сұхбат берген Фуат Октай Түркияның Солтүстік Кипр Түрік Республикасын тану тақырыбына тоқталды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның қыркүйек айында Біріккен Ұлттар Ұйымында (БҰҰ) жасаған баяндамасын еске салған Октай «Біз халықаралық қауымдастықты Кипр түріктеріне бағытталған зұлымдықты тоқтатып, СКТР-ны ресми түрде тануға шақырамыз» деді.

СКТР-ның Түркияның Жерорта теңізінің шығыс саясаты аясында таптырмас екенін атап көрсеткен Октай «Түркияның қауіпсіздігі үшін маңызды шарт болғанмен, СКТР-ның қауіпсіздігі үшін де тек шарт. Басқаша айтқанда СКТР-сыз Түркия, Түркиясыз СКТР болмайтын бір теңгерім туралы айтып отырмыз» деді.

Фуат Октай Кипрде түрік ұлтының шешім жоспарларының барлығына «иә» дегенімен ешқайдай нәтижеге қол жеткізілмегенін, шешімнің егемен және тең құқықтық мәртебесіне ие екі мемлекетті құрылымда екенін атап көрсетті.

Президент Ердоғанның СКТР-ның танылуы керектігін БҰҰ-нан бүкіл әлемге паш еткенін тілге тиек еткен Октай «Біз мұны енді тану арқылы жасаймыз. Солтүстік Кипр Түрік Республикасын мойындайтын уақыт келді» деді.



Ұқсас жаңалықтар