Түркия Ирактың дамуына үлес қосады

Мұхаммед Шиа ес-Судани «Түркия экономикалық тұрғыдан дамыған ел және Ирактың дамуында рөл атқара алады» деді.

1903924
Түркия Ирактың дамуына үлес қосады

Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шиа ес-Судани экономикасы дамыған ел Түркияның өз елінің дамуында рөл атқара алатынын айтты.

Премьер-министр Судани ел астанасы Бағдадта өткен баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ирак-Түркия қарым-қатынасының болашағы туралы сұраққа Судани «Бізде екі ел арасындағы ортақ сауда көлемі жоғары және басқа салаларда да зор ынтымақтастық бар. Түркия экономикалық тұрғыдан дамыған ел және Ирактың дамуында рөл атқара алады» деді.

Екі ел арасында су және қауіпсіздік сияқты ортақ мәселелердің де бар екеніне назар аударған премьер-министр Судани сөзін былай  жалғастырды: «Жауын-шашынның азаюы, сондай-ақ Түркия мен Ираннан келетін судың аздығы бізге су мәселесін туғызады. Біз бұл мәселеде дипломатияны пайдалана отырып, ынтымақтастықты күшейтуді жақтаймыз. Ирактың осы елдерден алатын су үлесі де халықаралық құқықтың талабы. Су мәселесі бойынша екі жақты келіссөздер болуы мүмкін, себебі су біздің ауыл шаруашылығы стратегиямыз үшін қажет».

 



Ұқсас жаңалықтар