Ердоған Кристерссонмен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді

Президент Ердоған ресми сапармен бас қала Анкараға келген Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссонды қабылдады.

1903905
Ердоған Кристерссонмен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді

Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон кеше Түркияға келді.

Президент Режеп Тайып Ердоған «Швеция өз елінің қауіпсіздігі үшін НАТО-ға мүше болғанын қалайды және біз өзіміздің қауіпсіздік мәселелерін қолдайтын Швецияны көргіміз келеді» деген сөздер қолданды.

Президент Ердоған ресми сапармен бас қала Анкараға келген Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссонды қабылдады.

Бұдан кейін Ердоған Ульф Кристерссонмен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Швецияның НАТО-ға мүше болуы және үш жақты меморандум толық жүзеге асырылғаннан кейін қарым-қатынастарға одақтық үлес қосуы үшін шынайы тілектерін білдірген Ердоған ««Швеция өзі елінің қауіпсіздігі үшін НАТО-ға мүше болғанын қалайды және біз өзіміздің қауіпсіздік мәселелерін қолдайтын Швецияны көргіміз келеді» деп көрсетті.

Президент Ердоған  «PKK/PYD/YPG, FETÖ және DHKP-C террор ұйымдарының Швецияның демократиялық ортасын пайдалануына тосқауыл қою керек» деді.

Президент Ердоғанмен кездесулерінде қауіпсіздік қатерлеріне назар аударғандарын айтқан Кристерссон «Бұл жерде менің мәлімдемем өте түсінікті. Швеция Түркияның PKK террор ұйымына қарсы операциялар жүргізіп жатқаны және мыңдаған түріктің операцияның құрбаны болғаны баршаға аян. Мен мұны түсінеміз деп айта аламын және біз шын мәнінде Швецияның терроризммен күресте Түркияға көмектесуін қалаймыз. Швеция PKK-ны террор ұйымы деп санайды» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар