«Түркия Маариф» фондының 2-ші Стамбул Білім беру саммиті аяқталды

Биылғы саммит «Мектептің болашағы, білім берудің пандемиядан кейінгі мұқтаждықтары» деген тақырыпта өтті.

1903105
«Түркия Маариф» фондының 2-ші Стамбул Білім беру саммиті аяқталды

 

«Түркия Маариф» фонды тарапынан TRT-нің медиа дәнекерлігімен 2-ші Стамбул Білім беру саммиті болып өтті. Саммитке 7 елдің Білім беру министрлері және әлемнің түкпір-түкпірінен маман ағартушылар қатысты. Биылғы саммит «Мектептің болашағы, білім берудің пандемиядан кейінгі мұқтаждықтары» деген тақырыпта өтті.

Бағларбашы Мәдениет орталығындағы саммиттің екінші және соңғы күнінің алғашқы отырысында «Ковид ұрпағының болашағы», екінші отырыста болса «Өзгешеленген білім беру» тақырыптары қаралды.

Саммиттің соңғы отырысында «Білім беруде балама ізденістері» тақырыбына орын берілді.  Стамбул Мәдениет Университетінің оқытушысы Доц. Др. Өмер Авджы басшылығында өткен отырыста «EdX» басшысы Джон Шварц, «Coursera for Campus» жаһандық төрағасы Скот Ширман, Мармара Университеті Білім беру социологиясы және мұғалім білімі профессоры Сиед Мунир Ахмет пен Африка Даму Университеті басшысы Кадер Канейе баяндама жасады.

«Дәулетті адамдар мен дәулетті еместер арасындағы айырмашылықты жабамыз»

Ковид-19 індеті кезінде білім беру жүйесінде бір сәтте виртуалды білім беру әдісіне көшкенін еске салған «EdX» басшысы Джон Шварц осының арқасында одан да ауқымды аудиторияға қол жеткізілгенін айтты. Шварц баяндамасын былай жалғастырды: «Сізге Гарвард және MIT де өздерінің мәліметтерін, студенттерге оқытқан сбақтарын әлемдегі барша азаматқа тегін береді десем, сіз не дер едіңіз? Өмір бойы үйрену экожүйесін барлық жерде баршаға ұсынамыз.  Әсіресе біз осы таңдаулы оқу орындарына түсе алатын ақылды және оның бағасын төлей алатын дәулетті адамдар мен дәулетті еместер арасындағы айырмашылықты жабамыз.  Бүгінгі күнгі білім беруде осының қабылдауымыз,  өсуіміз және бір құрал ретінде қолдануымыз керек».

Бір аптада миллиондаған оқушы бір түймеге басу арқылы онлайн білімге өтті

Алыстан оқытудың бетпе-бет білім алудың баламасы болып болмайтыны тақырыбына да тоқталған Шварц «Бұл сұрақты өзіме қойдым, иә,  балама қалыптасты.  Үш аптада миллиондаған оқушы бір түймеге басып, онлайн оқуға өтті.  Пандемия кезінде осының маңыздылығын түсіндірдік. Қарсы шыққандар да болды.  Себебі адамдар мұның қалай дамитыны туралы пікірге ие емес болатын. Әсерлерін білмеді, бірақ індет жаман нәрсе болса да, бұл біздің секіру тақтамыз еді. Бүкіл әлем бойынша барша онлайн білім алды» деді.

Онлайн білім  - көптеген жағынан жақсы құрал

«Coursera for Campus» жаһандық басшысы Скот Ширман болса виртуалды білім берудің маңыздылығын атап көрсетті.

Виртуалды білімнің де пайдалы жақтары бар екенін айтқан Ширмен «Онлайн білім – көптеген жағынан жақсы құрал. Біріншіден білім береді. Универитет студенттері үшін де пайдалы. Себебі бұдан бұрын сізге берілмеген икемділік ұсынылады. Онлайн білім берудің бетпе-бет білім берумен салыстырғанда кейбір пайдалары бар. Бұлар бірін-бірін толықтыратын жүйелер. Қазір біз студенттерді назарға алатын, қолымыздағы құралдарды қолданып, әрі бетбе-бет, әрі онлайн оқытуды жетілдіруді мақсат етіп отырмыз» деді. 

Саммит шеңберінде «Түркия Маариф» фонды тарапынан ұйымдастырылған ІІІ Халықаралық Маариф фотосурет байқауының да марапаттары таратылды.  Байқауда Пәкістаннан Шажар Захра бірінші орын алды.  Бурундиден Раниа Хасан екінші,  Ауғанстаннан қатысқан Мұстафа Режеби де үшінші орынды иеленді.  Жеңімпаз атанғандар сыйлықтарын «Түркия Маариф» фонды Өкілетті кеңес төрағасы Проф. Др. Бирол Акгүннің қолынан алды.



Ұқсас жаңалықтар