Түркия Имран Ханға шабуылды айыптады

Түркия Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Ханды нысанаға алған шабуылды қатаң айыптады.

1902238
Түркия Имран Ханға шабуылды айыптады

Түркия Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Ханды нысанаға алған және бір адам қаза тапқан шабуылды қатаң айыптады.

Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде Ханға ізгі тілек жеткізіліп:

"Кеше Пәкістанда өткен саяси оқиға кезінде Пәкістан Ислам Республикасының бұрынғы премьер-министрі Имран Ханды нысанаға алған және бір адамның өмірін қиған шабуылды қатаң айыптаймыз. Қайтыс болған пәкістандық бауырымызға Алла иманын берсін. Осы жантүршігерлік оқиғада бұрынғы премьер-министр Хан мен зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз» деп жазылды.

Мәлімдемеде Түркияның Пәкістанның тыныштығы мен тұрақтылығына мән беретіні және оны әрқашан жақтайтыны баса көрсетілді.

Хан 28 қазан күні коалициялық үкіметтің мерзімінен бұрын сайлау жарияламағанын сылтауратып, Лахордан ел астанасы Исламабадқа шеру бастады.

Кеше Вазирабадта оның шеру тізбегіне оқ атылып, Хан екі аяғынан жараланды. Шабуылдан бір адам қаза тауып, 7 адам да жараланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар