Индонезияға Кан жүйесі экспорт етілді

ROKETSAN Индонезияның Джакарта қаласында өткен "Indo Defence Expo & Forum 2022" көрмесіне қатысып, маңызды келісімдерге қол қойды.

1901899
Индонезияға Кан жүйесі экспорт етілді

Түркия ұзақ аралыққа атылатын зеңбірек зымыраны Канның алғашқы экспортын Индонезияға жасайды.

Түрік Қорғаныс өнеркәсібінің жетекші зымыран және зымыран жүйелері өндірушісі ROKETSAN Индонезияның Джакарта қаласында өткен "Indo Defence Expo & Forum 2022" көрмесіне қатысып, маңызды келісімдерге қол қойды.

ROKETSAN бас директорының орынбасары Мұрат Куртулуш көрмеде жасаған мәлімдемесінде:

"Біз қол қойған келісім-шарттар арқылы жақын арада Индонезияның Қорғаныс министрлігінің қызметіне алғашқы өнімдерімізді ұсынамыз. Екі бөлек тақырып бар. Біріншісі - Құрлықтан құрлыққа ұзақ қашықтыққа ату жүйесі Кан. Бұл жүйе 280 километрге дейінгі қашықтықта жетеді және соғыс алаңының тереңдігінде жоғары дәлдікпен жұмыс істейтін маңызды қару жүйесі болып табылады.Біз оны алғаш рет Индонезия армиясына береміз.

Екінші тақырып – қабатты әуе қорғанысына бағытталады. Индонезия Қорғаныс министрлігінің осыған байланысты талаптары басқаша болатын. Халықаралық іскер серіктестерімізбен бірге осыған байланысты жаңа үлгіні қалыптастырдық. Техникалық және қаржылық үлгі жасалды. Мұнда біз қабатталған әуе қорғаныс жүйесінің алғашқы өнімдерін 2 бөлек орта және ұзақ қашықтықтағы жүйе ретінде ұсынатын боламыз. Алдағы кезеңдерде жақын әуе қорғаныс жүйелері туралы да келіссөздер жүргіземіз» деді.



Ұқсас жаңалықтар