Алтун «Бір ұлт – бір жеңіс» бағдарламасына қатысты

Фахреттин Алтун: "Қарабах Әзербайжанның ғана емес, Түркия мен түрік әлемінің де жеңісі болды".

1902299
Алтун «Бір ұлт – бір жеңіс» бағдарламасына қатысты

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Стамбулда Қарабах жеңісінің 2-ші жылдығына орай ұйымдастырылған «Бір ұлт – бір жеңіс» бағдарламасына қатысты.

Алтун 30 жылдан бері жасалған шапқыншылықтың бір ұлтты нысанаға алған үлкен бір шабуыл екенін атап «Бұл түрікілерге, Исламға қарсы шабуыл еді. Шуша мен Қарабах азат етілген кездеде бұл шынында Әзербайжанның ғана емес, Түркия мен түрік әлемінің де жеңісі болды. Бұл жеңіс үшін шүкіршілік етеміз және бүгін жеңістің екінші жылдығын абыройлы және даңқты түрде тойлаймыз» деді.

Арменияның заңсыз оккупациясының 30 жылдан бері әлемнің көз алдында жасалғанын атап көрсеткен Алтун Әзербайжан мен Түркияның бұл басқыншылыққа назар аудару және жою үшін барлық халықаралық платформаларда жан аямай күрескенін, дипломатияның бар мүмкіндіктерін пайдаланғанын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар