АҚШ-тьан Түркияға "астық дәлізі" алғысы

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы күнделікті баспасөз мәслихатын өткізді.

1901436
АҚШ-тьан Түркияға "астық дәлізі" алғысы

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Түркияға «астық дәлізі» үшін алғысын білдірді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нед Прайс Ресейдің «Қаратеңіз астық дәлізі бастамасы келісіміне» қайта оралудағы рөлі үшін Түркияға алғысын білдірді.

Күнделікті баспасөз мәслихатында сұрақтарға жауап қайтарған Прайс Ресейдің Украина астығы мен өнімдерін әлемге экспорттауды жеңілдететін «Бірлескен Қаратеңіз астық дәлізі бастамасы келісіміне» қайта оралғанына ризашылығын білдірді.

Аталмыш келісім арқылы осы уақытқа дейін 10 миллион метрикалық тонна дәнді дақылдың Украинадан шығарылғанын еске салған Прайс келісімді әлем үшін «өте қажет» деп бағалады.

Түркияның астық тасымалының қайта басталуындағы рөліне назар аударған Прайс қойылған бір сұраққа қайтарған жауабында «Түркиялық одақтастарымыздың күш-жігерін жоғары бағалаймыз. Негізі Түркия мен БҰҰ Бас хатшысына ризашылығымызды білдірдім. Бұл келісімді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш дайындады, бірақ ол алдымен Түркияның, содан кейін Украинаның және ең соңында Ресейдің қолдауымен жасалды. Бас хатшыға және Түркияға осы келісімді қалпына келтіргені үшін ризамыз және алғысымызды айтамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар