Бір террорист қауіпсіздік күштеріне берілді

Террор ұйымы PKK-дан бір террорист көндіру жұмыстары нәтижесінде Алжирден Түркияға әкелінді.

1900553
Бір террорист қауіпсіздік күштеріне берілді

Ішкі істер министрлігі бөлшектеуші террор ұйымы PKK-дан бір террористтің көндіру жұмыстары нәтижесінде Алжирден Түркияға әкелінгенін хабарлады.

Министрліктен жасалған мәлімдемеде Қауіпсіздік барлау дирекциясының координациясында Муш провинциясы қауіпсіздік басқармасы жүргізген көндіру жұмыстарының нәтижесінде бір террористтің қауіпсіздік күштеріне берілгені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде террористтің Алжирден арнайы жасақпен елге әкелініп, тапсырылғаны айтылды.

Мәлімдемеде «Сыртқы істер министрлігімен бірге жасалған үйлестіру жұмыс нәтижесінде Алжир елшілігінің байланыстары арқылы елімізге әкелінген ұйым мүшесінің ұйымға 2016 жылы қатысқаны және ең соң Сирияда әрекет жасағаны анықталды»   делінді.



Ұқсас жаңалықтар