Ердоған Ирак президенті Рашидпен телефон арқылы сөйлесті

Президент Ердоған Абдуллатиф Решидті Ирактың жаңа президенті болып сайлануымен құттықтады.

1896256
Ердоған Ирак президенті Рашидпен телефон арқылы сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ирак президенті Абдуллатиф Рашидпен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда президент Ердоған Абдуллатиф Решидті Ирактың жаңа президенті болып сайлануымен құттықтады.

Әңгіме барысында көрші Ирактың тыныштығын, тұрақтылығын және әл-ауқатын Түркиядан бөтен көрмейтіндерін атап көрсеткен Ердоған аймақтық қауіпсіздік, тұрақтылық және өркендеуге үлес қосатындай қарым-қатынастарды әр салада дамыту үшін күш-жігерді жалғастыратындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар