Ердоған "Қоршаған ортаны қорғау форумына" бейне үндеумен қатысты

Анадолы агенттігі Стамбулда "Қоршаған орта форумы" өткізді.

1895520
Ердоған "Қоршаған ортаны қорғау форумына" бейне үндеумен қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған климаттың өзгерісімен күресте «2053 жылға дейін таза нөлдік шығарынды» нысанасына жету үшін қажетті барлық қадамдарды басуды жалғастыратындарын білдірді.

Президент Ердоған Анадолы агенттігі Стамбулда ұйымдастырған "Қоршаған орта форумына" жолдаған бейне үндеуінде индустрияландыру, технологиялық жетістіктер және адам қолынан келтірілген зияндар, өкінішке орай қоршаған ортаға үлкен зақым келтіргенін және бұл бүлінудің салдарының жыл өткен сайын әлем бойынша көбірек сезіліп жатқанын айтты.

Уақытылы және тиісті шаралар қабылданбаған жағдайда экологиялық апаттар, ауаның ластануы, су және азық-түлік қауіпсіздігі мен био-түрліліктің жоғалуының қайта қалпына келтіре алмайтын деңгейге жеткізетініне назар аударған Ердоған табиғатқа көбірек зиян келтіретін елдердің жауапкершілік алып, күреске көбірек үлес қосуының маңызды екенін айтты.

Түркия ретінде соңғы 20 жылда табиғат пен қоршаған ортаны қорғау және климат өзгерісінің салдарын болдырмау үшін тарихи қадамдар басқандарын түсіндірген Президент «Түркия жаңартыла алатын энергияда Еуропада 5-ші орынға, әлемде 12-ші орынға көтерілді./.../ Орман қорларымызды 23 миллион гектарға дейін ұлғайту арқылы Еуропадағы орман активтерін ең көп өсірген ел болдық. /... / Еліміздің алғашқы отандық автокөлігі Togg-ті толығымен электр жүйелі жобалағанда қоршаған ортаға деген жауапкершілікті сезіне отырып әрекет еттік. Өткен жылы "Париж келісімін" Мәжілісімізде бекітіп, климат өзгерісімен күресімізде айтарлықтай қарқын алдық. Осы тақырыпта нақты нысанамыз болған 2053 жылы таза нөлдік шығарындылар деңгейіне жетуде қажетті шараларды қабылдауды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар