Калын мен Салливан телефон арқылы сөйлесті

Президенттік аппараттың баспасөз кеңсесі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1894175
Калын мен Салливан телефон арқылы сөйлесті

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джейк Салливанмен телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппаратынан жасалған мәлімдемеге қарағанда кездесуде екіжақты саяси және экономикалық қарым-қатынастар, қорғаныс өнеркәсібі мен энергетика саласында ынтымақтастық, Украина соғысы, Эгей және Жерорта теңіздері мен  басқа да аймақтық мәселелер талқыланды.

F-16 әскери ұшағын сатып алу және модернизациялау сұранысының АҚШ Конгресі тарапынан мақұлдану үдерісінің алғы шартсыз аяқталуы тақырыбында Түркияның талаптары тілге тиек етілген әңгіме кезінде АҚШ әкімшілігінің бұл үдерістегі қолдауына ризашылық білдірілді.

Украинадағы соғыстың күрделенуі және қақтығыстардың артуына алаңдаушылық білдірілген әңгіме барысында осы соғыстың жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылық, экономика, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі салаларында келтірген залалын азайту үшін әртүрлі дипломатиялық күш-жігердің маңызды екені баса айтылды.

Әңгіме барысында Түркияның дипломатиялық шешім бастамаларын табанды түрде жалғастыратыны, әсіресе Түркияның бұл процесте астық жөнелтілімдері туралы «Стамбул келісімі» мерзімін ұзартуға қоса дипломатиялық шешім бастамаларын табандылықпен жалғастыратынына назар аударылды.

Түркияның Эгей және Жерорта теңізіндегі құқықтары мен мүдделерін қорғаудан бас тартпайтыны аталып, Грекияның халықаралық құқықты ескермейтін әрекеттері мен арандатушы сөздерін доғару керектігі ескертілді.



Ұқсас жаңалықтар