Ердоғанға «Құтлық Елтеріс қаған жазуының» көшірмесі сыйға тартылды

Ердоған Моңғолия Ұлттық парламенті спикері және Дүниежүзілік ассириялық католик патриархын қабылдады.

1894116
Ердоғанға «Құтлық Елтеріс қаған жазуының» көшірмесі сыйға тартылды

Президент Режеп Тайып Ердоған Моңғолия Ұлттық парламенті спикері Занданшатар Гомбожав пен  Дүниежүзілік ассириялық католик патриархы Мор Игнатий Юсуф III Гректі және қасындағы делегацияны қабылдады.

Президенттік сарайдағы алғашқы қабылдау бойынша Гомбожав президент Ердоғанға «Құтлық Елтеріс қаған жазбасының» көшірмесін сыйға тартты.

Моңғолияның Өтүкен өлкесіндегі ғылыми археологиялық экспедиция барысында тамыз айында табылған бұл жәдігер «Түрік» атауы алғаш рет орын алған Көктүрік дәуірінің (552-745) ең көне жазба ескерткіші ретінде тіркелген жазудың дәлме дәл көшірмесі болып табылады.

Екінші қабылдау баспасөзге жабық өтті.



Ұқсас жаңалықтар