Бартындағы кен жарылысында 40 кісі мерт болды

Сойлу жарылыс кезінде кендегі 110 кеншінің 58-інің құтқарылғанын, 11-інің емделіп жатқанын білдірді.

1893227
Бартындағы кен жарылысында 40 кісі мерт болды

Бартынның Амасра ауданындағы кенде болған жарылыстан қаза тапқан жұмысшы саны 40-қа жетті.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу кеше түнгі сағат 18:15 шамасында Түркия Тас көмір мекемесіне қарасты кенде болған жарылыстан 40 жұмысшының қаза тапқанын айтты.

Сойлу жарылыс кезінде кендегі 110 кеншінің 58-інің құтқарылғанын, 11-інің емделіп жатқанын білдірді.

«Бір кенші хабарсыз кетті. Бұл кеншіні іздеу жалғасуда'' деді министр.

Сойлумен бірге аймақта болған Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез алғашқы бағалаулардың кендегі газ жарылысына меңзегенін білдірді.

Дөнмез галереядағы өрттің негізінен бақылауда екенін айтты.

Оқиғаға қатысты тергеу басталды.



Ұқсас жаңалықтар