Ердоған Астанадағы кездесулерін жалғастыруда

Қазақстанның елордасы Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтіп жатыр.

1892388
Ердоған Астанадағы кездесулерін жалғастыруда
sevket mirziyoyev-erdogan.jpg
lukasenko-erdogan.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған:

«Әлем халқының басым көпшілігін елемейтін аздаған адамдардың бақытына ғана мән беретін құрылымды неғұрлым әділ және әділетті жаңа түсінікпен қалыптасуы керек» деді.

Қазақстанның елордасы Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті басталды.
Президент Ердоған Қазақстан президенті Қасым-Жомерт Тоқаевтың төрағалығымен Тәуелсіздік сарайында басталған саммиттің ашылу отырысында сөз сөйледі.

Әлемнің көптеген салада тепе-теңдіктер өзгерген және ауыр сынақтарға дөп келген кезеңді бастан өткізіп жатқанын білдірген Ердоған бұған Ислам және шетелдіктерге өшпенділік сияқты қауіптердің де қосылғанын атап көрсетті.

Президент Ердоған: «Әлем халқының басым көпшілігін елемейтін аздаған аадамдардың бақытына ғана мән беретін құрылымды неғұрлым әділ және әділетті жаңа түсінікпен қалыптасуы керек» деді.

Террор ұйымдарына көмектесетін, үгіт-насихат және адам жинау әрекеттеріне қатысатын құрылымдардың алдын алу керектігін айтқан Ердоған Ауғанстанда гуманитарлық бейбітшілік орнатудың және террорлық әрекеттердің артуына тосқауыл қоюдың үлкен мәнге ие екенін атап көрсетті.

Президент саммитке қатысушыларды Ауғанстанға қолдау көрсетуді жалғастыруға шақырды.

Президент Ердоған:

«Түркия ретінде біз көп салалы көлік дәліздерін ашуды және Азия мен Еуропаны байланыстыратын заманауи Жібек жолының жандандыруды қолдаймыз» деп мәлімдеді.

Сонымен бірге Ердоған Қазақстан сапары аясында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев және Беларрусь президенті Александр Лукашенкомен жеке-жеке кездесу өткізді.



Ұқсас жаңалықтар