АҚШ-тың Түркияға F-16 сатуы туралы заң жобасы

АҚШ Сенаты 2023 жылға арналған қорғаныс бюджетін қамтитын NDAA заң жобасын аяқтау үшін жиналды.

1891598
АҚШ-тың Түркияға F-16 сатуы туралы заң жобасы

Америка Құрама Штаттарында Түркияға F-16 сатуын шектеу шарттарымен байланыстыратын толықтырулар 2023 жылғы Ұлттық қорғаныс рұқсаты туралы заң жобасының Сенат нұсқасынан алынып тасталды.

АҚШ Сенаты 2023 жылға арналған қорғаныс бюджетін қамтитын NDAA заң жобасын аяқтау үшін жиналды.

Конгресс ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда, Нью-Джерси сенаторы демократ Менендес пен Мэриленд сенаторы ван Холлен ұсынған және Түркияның АҚШ-тан F-16 сатып алуын шарт ретінде жасаған екі толықтыру да заң жобасынан алынып тасталды.

Сенат NDAA заң жобасын аяқтағаннан кейін ол Өкілдер палатасының нұсқасымен бірге жазылады және президент Джо Байденнің кеңсесіне бекітуге жіберіледі.

Түркияның F-16 сатып алуын шарттаған ұқсас қосымша NDAA заң жобасының Өкілдер палатасына қосылған. Бірақ бұл толықтырулар бірлескен мәтінде жойылады деп күтілуде.

Сенаттағы бұл өзгерісте Түркияның Вашингтондағы дипломатиялық талпыныстарының нәтижелі болғаны атап көрсетілді.


Этикеттер: #заң жобасы , #F-16 , #сенат , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар