Түркияның ЕО-на мүшелік тұғыры өзгермейді

Фарук Каймакджы Түркия мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынастарға баға берді.

1890764
Түркияның ЕО-на мүшелік тұғыры өзгермейді

Сыртқы істер министрінің орынбасары және Еуропалық Одақ (ЕО) директоры елші Фарук Каймакжы Түркияның Еуроодақ мүшелігінің тек өзі үшін емес, Одақ және әлем үшін бетбұрыс болатынын білдірді.

Фарук Каймакджы Шанлыурфадағы Харран Университетінде өткен Еуроодақ үдерісі конференциясында сөйлеген сөзінде Түркия мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынастарға баға берді.

Түркияның күшті тарихы, географиясы, экономикасы, өнері, спорты және саудасымен маңызды елдердің бірі екенін атап көрсеткен Каймакджы елдің әлеуетін арттыруға бағытталған қадамдардың күн санап артып жатқанын айтты.

Түркияның құндылықтарына назар аударған Каймакджы «Біздің айырмашылықтарымыз, құндылықтарымыз, ерекшеліктеріміз, байлығымыз және салмағымыз бар. Түркияның ЕО-ға мүшелік процесі ең қиын, талас-тартыс және күдікке толы болғаныман, егер мүшелік жүзеге асатын болса, онда басқа мүшелермен салыстырғанда ЕО-ға ең пайдалы және ең құнды мүшелік болады. Бұл Түркия үшін ғана емес, ЕО және әлем үшін де бетбұрыс болады» деген сөздер қолданды.

Фарук Каймакджы Түркияның Еуроодаққа мүшелік процесінде табанды және тұрақты ұстанымының жалғасқанын түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар