Ердоған «Мицотакиспен талас-тартысқа кірмеймін» деді

Президент Ердоған Стамбулда журналистердің сұрақтарына жауап берді.

1889988
Ердоған «Мицотакиспен талас-тартысқа кірмеймін» деді

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Еуропа саяси қоғамдастық  саммитіне қатысу үшін Чехияның астанасы Прагаға барды. Президент Ердоған бұл жерде  Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакиспен талас-тартысқа кіргені жайлы пайымдауларға түсініктеме жасап «Мицотакиспен талас-тартысқа кірмеймін» деді.

Президент Ердоған Стамбулда журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Чехияның астанасы Прагада  жиналысында өткізген кездесулеріне тоқталған Ердоған Грекия баспасөзіндегі «Мицотакис пен Ердоған талас-тартыс өткізді» деген пайымдауларға түсініктеме жасады.

Ердоған пайымдауларға  қатысты бір сұраққа орай « Мицотакис протокол білмейтін адам. Бағдарламада  оның сөзге шығу реті болмағанына қарамастан сөз сөйледі. Мен сөзімді айтып болған соң орныма оралдым. Кімнен қалай рұқсат алғанын білмеймін, маған жауап беруге тырысты. Оның жауабына жауап берейін бе? Түркия Республикасының президенті мұндай дәрежеге түспейді» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар