Сыртқы істер министрі Эстония делегациясын қабылдады

Чавушоғлу Отынбаеваны да жаңа қызметімен құттықтады.

1889185
Сыртқы істер министрі Эстония делегациясын қабылдады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Эстония Парламенті Сыртқы істер комитетінің төрағасы Марко Михкелсон мен Сыртқы істер комитетінің мүшелерін қабылдады.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу қабылдаудан кейін әлеуметтік медиа парақшасында жазба жариялады. Министр Чавушоғлу Украинадағы соңғы оқиғаларды талқылағандарын және НАТО-ның кеңеюі туралы пікір алмасқандарын білдірді.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу сонымен бірге Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзай, Қырғызстанның бұрынғы президенттерінің бірі, қазір Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстан бойынша арнайы өкілі болып тағайындалған Роза Отынбаева және Чехия Сыртқы істер министрі Ян Липавскиймен телефон арқылы сөйлесті.

Сыртқы істер министрлігінен алынған мәліметке қарағанда Чавушоғлу Отынбаеваны жаңа қызметімен құттықтап, чехиялық әріптесімен Еуропалық саяси қоғамдастық саммитіне байланысты сөйлесті.

Чавушоғлуның Карзаймен кездесуіне қатысты ешқандай ақпарат берілмеді.



Ұқсас жаңалықтар