Хасан Демирташ залалсыздандырылды

Ұлттық барлау ұйымы Кобани қаласының орталығында ұйымдастырған операциямен Демирташты залалсыздандырды.

1889212
Хасан Демирташ залалсыздандырылды

Сирияның солтүстігіндегі Айн әл-Араб аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-нің Кобани уәлаятының басшысы атанған Хасан Демирташ залалсыздандырылды.

PKK/YPG Сирия (Айн әл-Араб) Кобани уәлаятының бас офицері Кочер Амед код атты Хасан Демирташ Ұлттық барлау ұйымы тарапынан залалсыздандырылды.

Хасан Демирташ ұйымға 2001 жылы қосылды. Ол Хаккари, Тунджели және Загрос таулы аймақтарында ұзақ жылдар бойы қауіпсіздік күштеріне қарсы операция жасады.

2011 жылы Тунджели Оважык өңірінде республика прокуроры Мұрат Узун мен азаматтық такси жүргізушісі шейіт болған оқиғаға тікелей қатысқаны үшін Хасан Демирташ Ұлттық барлау ұйымы тарапынан ұстау тізіміне енгізілді.

Осы аяда  Ұлттық барлау ұйымы дала барлаушыларынан ақпарат алғаннан кейін Кобани қаласының орталығында ұйымдастырған операциямен Демирташты залалсыздандырды.

 



Ұқсас жаңалықтар