Ердоған Прагаға аттанып кетті

Президент Ердоған Еуропа саяси қоғамдастығы отырысына қатысады.

1889209
Ердоған Прагаға аттанып кетті

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропа саяси қоғамдастығы отырысына қатысу үшін Чехияның астанасы Прагаға аттанып кетті.

Президент Ердоған 27 Еуропа Одағы (ЕО) елімен бірге Еуропа Одағы құрамына кірмейтін 17 Еуропа елі шақырылған шарада «бейбітшілік және қауіпсіздік» тақырыбындағы дөңгелек үстел жиналыстарына қатысады.

Президентің Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу серік болады. Президент  Ердоғанның кейбір басшылармен екіжақты кездесу өткізуі де жоспарланды.

Еуропа саяси қоғамдастығы идеясын алғаш рет мамыр айында Франция президенті Макрон ұсынған болатын.



Ұқсас жаңалықтар