Түркия Сомалидегі террор шабуылын айыптады

Түркия Сомалидің Беледвейн қаласында орын алған опасыз террор шабуылдарын айыптады.

1888149
Түркия Сомалидегі террор шабуылын айыптады

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде кеше Сомалидің Беледвейн қаласында жасалған 3 бөлек террор шабуылында араларында аймақтық үкімет қызметкерлері мен бейбіт тұрғындар бар ондаған адамның қаза тауып, жарақат алуының өкінішті екені еске салынды.

Мәлімдемеде «Бұл жантүршігерлік лаңкестік шабуылдарды барынша қатаң түрде айыптаймыз. Қаза тапқандарға Алла рақым етсін, олардың тамыр-туыстарына, дос және бауырлас Сомали үкіметі мен халқына көңіл айтамыз. Жараланғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз» делінді.

Сомалиде бомба тиелген көліктермен жасалған үш бөлек жанкешті шабуылда барлығы 36 адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар