Акар Ливия премьер-министрімен кездесті

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Түрік Қарулы Күштерінің  Ливиядағы шетелдік күш емес екенін айтты.

1887924
Акар Ливия премьер-министрімен кездесті

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Ливияның астанасы Триполиде Ұлттық бірлік үкіметі премьер-министрі Абдулхамид Дибейбемен кездесуінде екі ел арасындағы қарым-қатынастарға баға берді.

Түркия мен Ливия арасында 2019 жылы қол қойылған келіссөз меморандумының маңыздылығына тоқталған Акар бұл келісімдердің екі елдің достығы, бауырластығы, ортақ тарихы мен ортақ құндылықтарының көрінісі екенін айтты.

Ливияда анда-санда «Түркияның шетелдік күш» ретінде күн тәртібіне әкелгенін еске салған Ұлттық Қорғаныс министрі «Түрік Қарулы Күштерінің элементтері мұнда шетелдік күш емес екені сөзсіз. Біз мұнда дос және бауырлас Ливия елінің элементтеріміз» деп көрсетті.

Ливияда тезірек бейбітшілік пен тыныштықтың орнатылуының  Түркияның ең үлкен тілегі екенін атап көрсеткен Акар бейбітшілік пен тұрақтылық үшін сайлаудың өтуі керектігіне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар