Шентоп Индонезия халқына көңіл айтты

Мұстафа Шентоп Индонезиядағы футбол матчында төбелес және сығылысу барасында қаза тапқандарға көңіл айтты.

1887476
Шентоп Индонезия халқына көңіл айтты

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Индонезиядағы футбол матчында төбелес және сығылысу барысында қаза тапқандарға көңіл айтты.

Шентоп Индонезияның Шығыс Ява аймағындағы Маланг қаласында футбол матчындағы қақтығыста қаза тапқандар үшін қайғысын білдірді.

Шентоп әлеуметтік желідегі парақшасында «Индонезиядағы футбол матчында адамдардың қаза тапқанын қатты қайғымен естідік. Қайтыс болғандардың туған-туыстары мен бауырлас Индонезия халқына шын жүректен көңіл айтамын» деген сөздер қолданды.

Еске сала кетейік, Индонезияның "Arema" мен "Persebaya Surabaya" атты екі футбол командасы Маланг қаласындағы стадионда ойнаған. Arema командасының 2:3 есебімен жеңілуіне шыдамаған жанкүйерлер футбол алаңына ұмтылған. Ашуланған топтың әрекеті көптеген адамның өліміне себеп болды. Полиция жас ағызатын газ пайдаланған, бірақ бұл тәртіпсіздікті одан сайын ушықтырған. Қақтығыс салдарынан кем дегенде 174 адам қаза тапты. Қаза болғандар арасында әйелдер мен балалар бар. Екі полиция қызметкері де қаза болған.

Оқиға тергеліп жатыр. Индонезия футбол лигасы бір аптаға жұмысын тоқтатты.

Енді бір жағынан  Мұстафа Шентоп және оның басшылығындағы парламенттік делегация Малайзия мен Индонезияны қамтыған ресми сапарының алғашқы аялдамасы Малайзияның астанасы Куала-Лумпурға барды.

Малайзияда ресми кездесулер жасайтын Шентоп Индонезияда өтетін Үлкен-20 тобы елдер парламенттер төрағалары саммитіне қатысады.



Ұқсас жаңалықтар