Жаһандық жүйеде Түркияның рөлі үлкен

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Денизлидегі азаматтық ұйымдары жиналыстарында сөз сөйледі.

1886675
Жаһандық жүйеде Түркияның рөлі үлкен

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Украина мен Ресей тыңайтқыштарының барлық қажетті елдерге жөнелтілуі үшін күш салып жатқандарын айтты.

Мевлүт Чавушоғлу Денизлидегі азаматтық ұйымдары жиналыстарында сөйлеген сөзінде бүкіл әлемде теңдестірілген сыртқы саясат жүргізуге тырысқандарын және әсіресе өткен аптада Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы кеңесі отырысында Түркияның азық-түлік дағдарысындағы рөлінің қаншалықты маңызды екенін көргендерін атап көрсетті.

Чавушоғлу «Әсіресе астық келісімі екі жақпен де салиқалы қарым-қатынасымыздың, жақсы қарым-қатынасымыздың жемісі. Өкінішке орай бұған жалғыз қол жеткізу үшін БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың күші жетпейді» деген сөздер қолданды.

Украина мен Ресей арасында тұтқын алмасуды қамтамасыз еткендерін еске салған Чавушоғлу «Қазір біз бүкіл әлемге қажетті тыңайтқыштың, украиналық және ресейлік тыңайтқыштардың халықаралық нарыққа, барлық мұқтаж елдерге шығуын қамтамасыз ету үшін күш салып жатырмыз» деді.

Сыртқы істер министрі Президент Режеп Тайып Ердоғанның жетекшілігінде жаһандық жүйеде атқарған рөлімен тыңдалатын, мәселелердің шешілуіне үлес қосатын және «Түркияның пайдасы тиеді» делінген бір елге айналғанын айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар