Мостарда тас жол жобасын түрік компаниясы салады

Босния және Герцеговина «Yüksel Proje» түрік компаниясымен келісімге қол қойылды.

1884938
Мостарда тас жол жобасын түрік компаниясы салады

Босния және Герцеговинаның оңтүстігіндегі Мостарда тас жол жобасын түрік компаниясы жүзеге асырады.

Бас қала Сараевода Босния және Герцеговина Федерациясы Автокөлік жолдары басқармасы бас ғимаратында автожол жобасы аясында салынатын Мостар солтүстік-Мостар оңтүстік бөлігі үшін «Yüksel Proje» түрік компаниясымен келісімге қол қойылды.

Босния және Герцеговина Федерациясы Автокөлік жолдары басқармасы жасаған мәлімдемеде салынатын жолдың ұзындығының 14,2 шақырымды құрайтыны, жол жобасы аясында қиылыстар, 5 туннель және 10 өтпе жол салынатыны және 2023 жылы басталуы жоспарланған жобаның 3 жылда аяқталуының жоспарланғаны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар