Президент Ердоған әл-Карадавидің баласына көңіл айтты

Дүниежүзілік мұсылман ғұламалар одағының бұрынғы төрағасы Юсуф әл-Карадави 96 жаста дүниеден озды.

1884700
Президент Ердоған әл-Карадавидің баласына көңіл айтты

Дүниежүзілік мұсылман ғұламалар одағының бұрынғы төрағасы Юсуф әл-Карадави 96 жаста дүниеден озды.

Дүниежүзілік мұсылман ғұламалар одағы жазбаша мәлімдемемен Одақтың бұрынғы төрағасы, мысырлық ғалым Карадавидің қайтыс болғанын хабарлады.

Одақ мәлімдемесінде «Бүкіл өмірін Ислам ережелерін түсіндіруге арнаған Дүниежүзілік Мұсылман ғұламалар одағының негізін қалаушы төрағасы Юсуф әл-Карадави Алланың рақымына бөленді» делінді.

1926 жылы қыркүйек айында Мысырда дүниеге келген Карадави Құран мен діни білім алғаннан кейін Әл-Азһар университетін аяқтады.

Карадави Дүниежүзілік мұсылман ғұламалар одағының 2004 жылдан 2018 жылға дейін төрағалық қызметін атқарды.

Юсуф әл-Қарадави жылдар бойы Катарда өмір сүрді. Президент Режеп Тайып Ердоған Юсуф әл-Карадавидің қайтыс болуына байланысты баласы Абдул Рахман Юсуфпен телефон арқылы сөйлесіп, көңіл айтты.

Президент жанындағы Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда президент Ердоған Юсуф әл-Карадави мен отбасына көңіл айтты.

Марқұм Юсуф әл-Карадавидің өмір бойы мұсылман болып өмір сүрудің ең жақсы үлгісін көрсеткенін атап көрсеткен президент Ердоған нанымынан еш бас тартпағанын атап «Раббым (Карадавиді) жұмағымен жарылқасын, рақым етсін» деді.

Абдул Рахман Юсуф болса президент Ердоғанға алғыс айтып, алдағы аптада Стамбулда көңіл айту бағдарламасы ұйымдастыратындарын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар