Ердоған инфляцияны төмендететінін айтты

Президент ақпан айында инфляцияны ақылға қонымды деңгейге, одан кейін бір орынды санға дейін төмендетуге бел байлағандарын атап өтті.

1884188
Ердоған инфляцияны төмендететінін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған ақпан айынан бастап инфляцияны ақылға қонымды деңгейге түсіретіндерін айтты.

Президент Ердоған Халич Конгресс орталығында Стамбул Сауда палатасының 140-жылдық арнайы марапаттау бағдарламасына қатысты.

Жиналыста сөйлеген сөзінде Ердоған: «Түрік экономика моделінің мақсаты инвестиция, жұмыспен қамдау және ағымдағы сауда кірісінің артықшылығы арқылы елімізді өсіру болды» деді. Ердоған Түркияны жүзеге асырған экономикалық моделі үшін сынға алғандардың да дәл осы жолға келгенін атап көрсетті.

«Түркия енді ескі Түркия емес, жылдар бойы таңылған инфляция, пайыз және валюта бағамы теңгерімінің еш пайдасы жоқ болып шықты" деген президент пайыздық мөлшерлемені өсірмей, төмендеткен дұрыс екенін ұлы басшылардың өзі түсінгенін айтты.

2018 жылы экономикалық саясаттарында жұмыспен қамдау және өндіріске бағытталған талғам жасағандарын білдірген Ердоған әрбір даму таңдаудың дұрыстығын растағанын атап өтті.

"Әрбір ел сияқты біз де экономикалық дағдарыстың құнын төледік және төлеудеміз. Біз қабылдаған шаралар мен құрған механизмдеріміз бұл мәселені іскерлік әлемінің күш-жігерімен бақылауға алды. Біз энергия мен шикізат бағасының шамадан тыс өсуі сияқты келеңсіз оқиғаларды жеңуге дөп келіп отырмыз» деді президент Ердоған.

Президент ақпан айында инфляцияны ақылға қонымды деңгейге, одан кейін бір орынды санға дейін төмендетуге бел байлағандарын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар