Диярбакырда 3 террорист залалсыздандырылды

Террористердің екеуінің «Іздеу салынған террористтер тізімінде» орын алғаны атап көрсетілді.

1884050
Диярбакырда 3 террорист залалсыздандырылды

Диярбакырдың Дижле ауданына қарасты Гөресе тауы ауылдық аймағында 20 қыркүйек күні залалсыздандырылған бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық 3 террористтің қызғылт сары және сұр категорияларда іздестіріліп жатқаны анықталды.

Ішкі істер министрлігі мәлімдемесінде «Ерен Аблука-34» операциясы аясында Диярбакыр Қалалық Жандармерия қолбасшылығының шабуылға дайындалғаны анықталған сепаратист террор ұйымы мүшелеріне қарсы 20 қыркүйек күні жасалған операцияда 3 террористтің қаруларымен залалсыздандырылғаны еске салынды.

Террористердің екеуінің «Іздеу салынған террористтер тізімінде» басына 1 миллион лира сыйақы тігілген қызғылт сары категориядағы Диджле Ботан лақапты Хаджер Гүней мен Дирен Ван лақапты Амед уәлаяты орталық штаб-пәтерінде жұмыс істейтін Алийе Кие екені атап көрсетілген мәлімдемеде Амед уәлаяты Брюск аймағында істейді және 500 мың лира сыйақы тігідген сұр категориядағы Амед Адер лақапты Хатидже Ай екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар