Түркияның арағайындығымен "тұтқындарды алмасу" әлем баспасөзінде

Түркияның арағайындығымен Ресей мен Украина арасындағы тұтқын алмасу Еуропа баспасөзінде кең орын алды.

1883770
Түркияның арағайындығымен "тұтқындарды алмасу" әлем баспасөзінде

Түркияның арағайындығымен Ресей мен Украина арасындағы тұтқын алмасу Еуропа баспасөзінде кең орын алды.

«Украинада тұтқындардың жаппай алмасуы құпталды» деген тақырыппен тұтқын алмасуын тақырып қылған BBC «Ресей мен Украина араларында «Азов» батальонының мүшелері де бар шамамен 300-ге жуық әскери тұтқынды алмасты» деп жариялады.

«The Guardian» газеті бұл оқиғаны «ең үлкен тұтқын алмасуы» деген тақырыппен хабарлады.

Хабарда «Бұл айырбас Түркияның арағайындығы мен келіссөздері қатаң құпия жағдайда жүргізілгеннен кейін жасалды» делінді.

Нидерландының «NOS» қоғамдық телеарнасындағы хабарда Украина-Ресей соғысы басталғаннан бергі ең үлкен тұтқын алмасуының Түркияның арағайындығымен жүзеге асқаны атап көрсетілді.

Хабарда келісім аясында Украинаның «Азов» батальонының 5 командирінің соғыс аяқталғанға дейін президент Режеп Тайып Ердоғанның қарауында Түркияда тұратыны білдірілді.

Бельгияның «De Morgen» газеті украиналық қоғамдық хабар таратушы «Suspline» агенттігіне сілтеген жаңалығында Украинаның солтүстігіндегі Чернигов қаласының маңында жүзеге асқан алмасудың «Украина президенті Владимир Зеленский мен президент Ердоғанның «жеке келісімінің» арқасында» екенін хабарлады.

«Blick» газеті Швейцария SDA ресми ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған хабарында «Түркия арағайындық жасады: Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған алмасуға Түркияның арағайын болғанын айтты. Ердоған бұл келісімді Украинадағы соғысты тоқтату жолында басылған «маңызды қадам» деп бағалады» деді.

Испаниядағы «La Vanguardia» газеті «Украина мен Ресей Түркия мен Сауд Арабиясының бітімгерлігімен ең көп тұтқын алмасуын жүзеге асырады» деп хабарласа, «El Pais» газеті «Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 50-ден астам ресейлік тұтқынға пайда әкелген алмасудың сәтті жалғасуы үшін тараптарды жақындастыруға көмектесті» деді.



Ұқсас жаңалықтар