PKK-лық 14 террорист залалсыздандырылды

Террормен күрес ел көлемінде жалғасуда.

1883708
PKK-лық 14 террорист залалсыздандырылды

Сирияның солтүстігіндегі «Зәйтүн бұтағы» аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG мүшесі 14 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде Сирияның солтүстігінде террористердің шабуыл әрекетінің жауапсыз қалмағаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Зәйтүн бұтағы» аймағындағы бір база аймағына минометпен шабуылдаған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-лік 14 террористің залалсыздандырылғаны атап көрсетілді.

Шырнактағы «Ерен Аблука – 27» операциясы аясында болса 2-террорист ұсталды.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Шырнактың Силопи ауданында да бір террористің ұсталғанын хабарлады.

Сойлу Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламасында «Інінен бастарын шығарған сәтте біздің батырларымыз ұстайды» деді.

Силопидің Джуди тауы Бестабелега аймағында да бір террористің аймақта патрульдік қызмет атқарған жандармерия топтарының арқасында ұсталғанын айтқан Сойлу жандармерия топтарын құттықтады.

Екінші жақтан Элазығда 485 қызметкердің қатысуымен «Ерен Аблука - 38 шейіт жандармерия Ер Джем атындағы операция» басталды.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ны елдің күн тәртібінен алып тастау және аймақта орналасқан террористерді залалсыздандыру мақсатында басталған операцияда Элазығ Қалалық жандармерия қолбасшылығы, Жандармерия арнайы десанттары, Полиция арнайы күштері және қауіпсіздік қызметкерлерінің бірлескен 39 жедел тобынан тұратын барлығы 485 қызметкері қатысады.

Басқа жағынан Ұлттық барлау ұйымы (ҰБҰ) қызыл хабармен іздеу салған PKK/KCK мүшесі Атилла Чичек пен бөлшектеуші ұйымның басшылық кадрларындағы Хусейн Йылдырымды шекара желісіндегі операциямен тұтқындап Түркияға әкелді.



Ұқсас жаңалықтар