Чавушоғлу «Жаһандық террормен күрес» форумына қатысты

БҰҰ-ның 77-ші Бас ассамблеясы үшін Нью-Йоркке барған министр Чавушоғлу 12-ші министрлер отырысына қатысты.

1883013
Чавушоғлу «Жаһандық террормен күрес» форумына қатысты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу терроризмді күшейтетін факторлар шешілмейінше, террормен күресте жеңіске жетудің мүмкін еместігін атап көрсетті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 77-ші Бас ассамблеясы отырыстары үшін Нью-Йоркке барған Мевлүт Чавушоғлу «Жаһандық террормен күрес» форумының 12-ші министрлер отырысына қатысты.

Чавушоғлу отырыста жасаған баяндамасында терроризмнің дамып келе жатқан жаһандық қауіп екенін айтып, технологияға көбірек қол жеткізудің бұл саладағы қауіпті арттырғанына назар аударды.

Исламофобия мен нәсілшілдіктен туындаған қатыгез оңшыл шабуылдардың да артып келе жатқанын білдірген Чавушоғлу аймақтық және секталық шиеленістердің, мейірімсіздік және әлсіз мемлекеттердің террорлық бастамаларына жағдай жасайтынын атап көрсетті.

Чавушоғлу «Терроризмді күшейтетін факторлар шешілмейінше, террормен күресте жеңіске жету мүмкін емес. Лаңкестікпен күресіміздегі табыс террористтерге қауіпсіз баспана бермеу үшін бірлескен күш-жігерімізге байланысты. Тәжірибе бізге террордың діни және этникалық ерекшелігі жоқ екенін үйретті және терроризмнің барлық нысандары мен көріністеріне қарсы күресуіміз керектігін көрсетті. Қос стандарттарға жол болмауы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар