Чавушоғлу Нью-Йорктегі дипломатиялық байланыстарын жалғастыруда

Министр Чавушоғлу Нью-Йоркте неміс, испан және үнді әріптестерімен кездесті.

1882523
Чавушоғлу Нью-Йорктегі дипломатиялық байланыстарын жалғастыруда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттарының Нью-Йоркте неміс, испан және үнді әріптестеріне қоса Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) Бас хатшысы және Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Мигель Моратиноспен кездесті.

Чавушоғлу Біріккен Ұлттар Ұйымының 77-ші Бас Ассамблеясы отырысына қатысу үшін барған Нью-Йоркте дипломатиялық байланыстарын өткен жылы ашылған «Түрікеви» ғимаратында жалғасуда.

ИЫҰ Бас хатшысы Хусейн Ибрахим Тахамен кездескен Чавушоғлу кездесудің артынан Твиттер аккаунтынан «Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Бас хатшысымен Исламофобияға қарсы басылатын қадамдар, саммит дайындықтары және ИЫҰ реформа процесін талқыладық» деді.

Германия Cыртқы істер министрі Анналена Баербок және Үндістан Сыртқы істер министрі Субрахманям Джайшанкармен бөлек кездескен Чавушоғлу кейін Испания Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбарес Буэно және Өркениеттер альянсының жоғары өкілі Моратиноспен үштік форматта бас қосты.

Чавушоғлу кейін испаниялық әріптесі Буэномен де оңаша кездесті.

Министр Чавушоғлу алдында Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, Черногория Сыртқы істер министрі Ранко Кривокапич және Болгария Сыртқы істер министрі Николай Милковпен бас қосқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар