Емине Ердоған мен Антониу Гутерреш кездесті

Антониу Гутерреш пен Емине Ердоған «Қалдықсыз жобаны» таратуға қатысты ізгі ниет декларациясына қол қойды.

1882118
Емине Ердоған мен Антониу Гутерреш кездесті
guterres-emine erdogan.jpg
guterres-emine erdogan1.jpg

Біріккен Ұлттар Ұйымы  Бас хатшысы Антониу Гутерреш пен президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған «Қалдықсыз жобаны» таратуға қатысты ізгі ниет декларациясына қол қойды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының 77-ші Жалпы кеңесіне қатысу үшін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына барған президент Ердоғанға жолсерік болған Емине Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутеррешпен кездесті.

Емине Ердоған мен Гутерреш Біріккен Ұлттар Ұйымының орталығында климат дағдарысымен күрес аясындағы жұмыстардың жаһандық лидерлігін атқаратындарын білдірді. Емине Ердоғанмен кездесуінде бастамашылық еткен қалдықсыз тақырыбындағы жұмыстарын ризашылықпен қадағалағандарын айтқан Гутерреш «Қауымдар көп қалдықтар шығара бастады. Қалдық – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осы тұрғыдан алғанда, сіз жасаған «Қалдықсыз» жобасы өте құнды және әсерлі. Осы аяда сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Сіз өз үйіңіздесіз, қош келдіңіз» деген сөздер қолданды.

Емине Ердоған да Гутеррешке Түркияның 2017 жылдан бері «Қалдықсыз жобасы» аясында істеген жұмыстарын жеткізіп, бұл жобаның Түркияда жақсы қабылданып, қолдауға ие болғанын және халықаралық деңгейде жаңғырық жаратқанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар